US Hospital patient check Brendan Smialowski/Getty Images

Денсаулық саласын реформалау азаматтардың денсаулығына қалай әсер етпек?

КЕМБРИДЖ – АҚШ-та қоғамның назарын аударып отырған басты саяси тақырыптардың бірі – денсаулық сақтау саласындағы реформа жайы. Қазіргі «Қолжетімді көмек» Актісінің орнын басатын (“Obamacare” деген атпен белгілі) түрлі жобалардың кесірінен қанша адамның медициналық сақтандырудан айырылып қалатыны - пікірталасқа арқау болып отырған ең басты мәселе.

Obamacare-ден бас тартқан соң 20 миллионнан астам адам ресми медициналық сақтандырудан айрылып қалады. Конгрестің бюджет басқармасының айтуынша, дәл осы жайт бұл заңды қабылдауға біршама кедергі келтіріп отыр. Сондықтан, ең бастысы – мұның іс жүзіндегі нәтижесі қалай болатынын және бұл ресми сақтандырудан айырылатын адамдардың денсаулығына қаншалық әсер ететінін бажайлау қажет.

 Obamacare жүйесін алып тастау немесе оның орнын алмастыру кезінде медициналық сақтандыруан айырылудың басты себебі – Medicaid-ті қаржыландыру көлемінің азаюы. Medicaid – федералдық үкімет пен штаттардың бірлескен денсаулық сақтау бағдарламасы. Мұнда федералдық үкімет жәрдемді кімнің алуы керектігін, оларға қандай медициналық көмек тегін берілуі қажеттігін анықтап, штаттарға белгілі бір формула бойынша қаржы бөледі, табыс көлемі ортадан төмен штаттар федералдық бюджеттен көбірек қаражат алады.

Medicaid көмегін алуға қақысы бар адамдар ресми сақтандыруы жоқ адамдардан көбірек медциналық жәрдем алады, олардың дәрігерлерге көрінуіне, тегін дәрі-дәрмек алуына, ауруханада емделуіне көбірек мүмкіндік беріледі. Сонымен бірге олар сақтандырылмаған адамдарға қарағанда медициналық қызметке өз қалталарынан анағұрлым аз ақша жұмсайды, ал шұғыл медициналық көмек кезінде мүлде ақша төлемейді. Сондықтан, олар тегін медициналық қызметтен айырылып қалмау үшін басқа есеп-шоттарды уақтылы төлеп отыруға тырысады.

Жаңа заңдық реформа Medicaid жеңілдіктерін азайтатын болса, онда жеңілдігінен айырылғандар амбулаториялық қызмет, жедел жәрдем және ауруханада емделу қызметтен тегін ала береді. Мұны штаттар өздеріндегі «тегін көмек» бағдарламасы шеңберінде төлеп береді. Ал ақылы медициналық қызметті пайдаланған науқастар қызмет көрсетушілердің әдетте табысы төмен адамдардан ақша талап етпейтінін біледі. Оның үстіне, Medicaid-тен шығып кеткен адамдар медициналық қызметті әлі де пайдалана береді, себебі қазір дәрігерлердің көбі төленетін ақысы аз болғандықтан, Medicaid-пен жұмыс істеуден бас тартып жатыр.

Тағы бір маңызды жайт – Medicaid жүйесіне қатысқан адамдардың денсаулығы бәлендей жақсара қоймаған. Федералдық үкімет ұйымдастырған «табиғи эксперименттің» басты жаңалығы – осы болды.

Subscribe to PS Digital
PS_Digital_1333x1000_Intro-Offer1

Subscribe to PS Digital

Access every new PS commentary, our entire On Point suite of subscriber-exclusive content – including Longer Reads, Insider Interviews, Big Picture/Big Question, and Say More – and the full PS archive.

Subscribe Now

Бұл эксперимент 2008 жылы басталды, сол жолы Орегон штаты Medicaid жүйесімен адамдарды тіркей бастады, бірақ кейіннен олар тіркеуді бірнеше жылға тоқтатып тастады. Штат бюджетінде бұл жүйеге қатысуға өтініш берген 90 мың адамның барлығын қабылдайтындай қаржы болмағандықтан, олар Medicaid жүйесіне қатысуға өтініш білдіргендердің арасында лотерея ойнатып, 30 мың адамды іріктеп алды.

Федералдық деңгейде қаражат алған дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының экономистерінен тұратын зерттеушілер тобы ауруханалардағы жазбаларды, басқа да клиникалық мағлұматтарды қарап, жүйеге қатысқан және одан тыс қалған адамдармен сөйлесті. 

Олардың айтуынша, Medicaid жүйесіне қосылғандардың жалпы денсаулығы, депрессия бойынша көрсеткіші жақсарған, диабет ауруының диагностикасы мен емделуі де ілгерілей түскен. Дегенмен, гипертония, холестериннің жоғарылығы, диабет сияқты дертке шалдыққандардың жалпы клиникалық ахуалы оңала қоймаған.

Medicaid жүйесіне федералдық бюджеттен бөлінетін қаржының азаюы сақтандырудан айырылғандардың клиникалық денсаулығына кері әсерін тигізбейтіні дәлелденген, десе де, қаржының азаюы кесірінен штаттар тегін медициналық көмек бағдарламасы шығындарын арттыруға мәжбүр болады. Ақшаның қысқаруы ақылы негізде қызмет көрсететін ауруханалардың шығындарын да арттырмақ. 

Миллиондаған науқасқа қызмет көрсету шығындары штаттардың және ауруханалардың бюджетіне артылатын болғандықтан, Конгрестің Medicaid бағдарламасын қаржыландыруды қысқарту жоспарына губернаторлар мен аурухана басшыларының қарсылық білдіруі заңды. Бірақ халық пен конгресс мүшелерінің мұндай қарсылықтың түпкі себептерін түсінгендері абзал.

https://prosyn.org/aRfqADvkk